Ауыл шаруашылығы

Қайыңдыда қоныс тойы тойланды

«Самар орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің құрылғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Қазіргі күні облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме жартылай шаруашылық есепте тұр. Осы мекеме орналасқан Қайыңды ауылының тұрғындары орман байлығын арттыру жұмыстарына атсалысуда.

Қайыңдыда қоныс тойы тойландыЖуықта орман шаруашылығының кеңсесі жаңа ғимаратқа көшті. 1953 жылы салынған ескі ғимараттың әбден тозығы жеткен соң басшылық осыдан үш жыл бұрын жаңа ғимарат салуға кіріскен болатын. Кең де жарық, барлық талаптарға сай келген әсем ғимараттың ашылуына ауылдың барлық тұрғындары, ауылдық округ әкімшілігі, ауданның сала басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, облыстың орман шаруашылығының басшылары қатысты.

Салтанатта еңбек ардагері Н.Леонова өзінің әкесі де осы орман шаруашылығында жұмыс істегенін, табиғат-ананың байлығын келер ұрпаққа амандықпен табыстап отырғанын айтып, орманшылардың еселі еңбек етулеріне тілек білдірді.

Еркін Қабдырғалиев басқаратын ұжым барлық көрсеткіштер бойынша облыста алдыңғылардың бірі болып келе жатыр.

– Шағын ауылда жұмыссыз отырған адам жоқ, барлығының тұрмыстары жақсы. Ұжым ардагерлері ұдайы назарымызда, мерекелік шараларды да өзіміз ұйымдастырып, ауыл тұрғындарының басын қосамыз. Әлеуметтік мәселелер де біртіндеп шешілуде. Ауылға кіретін жол облыстық маңыздағы жолдар қатарына жатқызылды. Биыл аудандық мәслихат депутаты, «Қалисатарұлы» шаруа қожалығының басшысы С.Жотабаев елеулі көмек көрсетті. Ол қожалық техникасын бөліп, қиыршық тасты жолға төгіп, грейдерледік. Жұмыс әлі де жалғасын таппақ, – дейді директор.

Эльмира Тайырқызы

Көкпекті ауданы.

Осы айдарда

Back to top button