Экология

Аймақтағы ауасы лас қала

Қазақстандағы  ауасы аса ластанған қалалардың алғашқы ондығына Теміртау,  Атырау, Шымкент, Балхаш, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Өскемен, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары кіріп отыр. Былтыр шығыстағы (Өскеменнен кейінгі) өнеркәсіпті қалалардың ішінде Риддер қаласы, Глубокое кенті, Семей қаласы жоғары деңгейде ластанған қалалар санатына кірген.

Риддер (ІІ градация) мен Семейде (ІІІ градация) 2019 жылмен салыстырғанда ауаның ластану деңгейі өзгермей сол қалпында қалған. Глубокое кенті атмосфералық ауасының ластану деңгейі 2019 жылмен салыстырғанда «төменгі деңгейден» артып, жоғарылаған.

Өскемендегі «Экологиялық қауіпсіздік орталығының» мамандары былтыр Алтай қаласының ауасы (І градация, төменгі деңгей) басқа өнеркәсіпті қалаларға қарағанда тазарақ болғанын анықтаған.

2020 жылы Қазақстанда 337 рет ауаның  жоғары ластанған  жағдайы тіркелген болса, соның жетеуі Өскеменде, 161-і Атырауда  тіркеліпті.

Экологтардың зерттеуінше,  былтыр өңірдегі бір ғана өзен суының сапасы жақсарған. 2019 жылмен салыстырғанда былтыр Қара Ертіс, Ертіс, Брекса, Тынық, Глубочанка және Үлбі суының сапасы айтарлықтай өзгермеген. Еміл, Красноярка, Үбі, Аягөз, Егінсу өзендері мен Бұқтырма, Өскемен су қоймалары суының сапасы төмендеп,  Бұқтырма өзенінің сапасы айтарлықтай жақсарған.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button