Облыс әкімі: бағыт-бағдар

Аймақ басшысы «Үміт» орталығының балаларын құттықтады

Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов «Үміт» балалар орталығында болып, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан балаларға кітаптар жиынтығын, ал орталыққа шағын автобусты сыйға тартты.

– Жаңа жыл қарсаңында барлық балаларға, ата-аналар мен мұғалімдерге отбасылық бақыт, денсаулық пен амандық , жаңа табысты жобалар мен бастамалар тілеймін! – деді облыс әкімі.

«Үміт» орталығында педагогтар балаларға отбасылық жайлылық пен жылулық атмосферасын сыйлап отыр. Үйірмелер мен секциялар жеткішншектердің бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

– Біз 2023 жылы облыстың барлық мектептеріндегі роботты техника сыныптарын жаңартамыз. Ал «Үміт» орталығының жанынан спорт орталығын саламыз, онда барлық шағын ауданның балалары спортпен айналыса алатын болады, – деді аймақ басшысы.

Айта кету керек, балалар жылына облыста 129 іс-шара жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда барлық ойластырылған жобалар 100% іске асырылды.

Биыл облыста бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл лауазымы енгізілді. Алдағы уақытта да білім беру және балалар денсаулығы мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

Осы мереке күндері өңірдегі балалар үйлерінің, орталықтар мен интернаттардың барлық тәрбиеленушілері демеушілер мен меценаттардан сыйлықтар алды.

Осы айдарда

Back to top button