Басты

Автокөліктер қозғалысының тәртібі

2020 жылдың 2 сәуіріндегі сағат 00.00- ге дейін тұрғылықты жері бойынша бұрын кеткен және қайтып келген осы аумақтардың тұрғындарын; осы аумақтарға бұрын келген басқа аймақтың тұрғындарын есептемегенде, Өскемен, Семей қалаларының аумағына адамдардың
кіріп-шығуына шектеу қойылады.
Көліктер мен азаматтардың қозғалысына бақылау қою үшін 15 бақылау-өткізу пункті орнатылады. Өскемен қаласы бойынша – 7, Семей– 8. Санитариялық-ветеринарлық, эпидемияға қарсы шараларды өткізу үшін кіріп-шығу орындарында мобильді пункттер ұйымдастырылады.
«Сергек-блокпост» мобильді қосымшасының көмегімен Өскемен қаласының аумағына
шығатын және келетін көліктерге электронды тіркеу жүргізіледі, ал Семей қаласында әдеттегі
тіркеу қамтамасыз етіледі.
Өскемен, Семей қалаларына бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түліктерді, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қорғаныш және гигиена құралдарын, жанар-жағармай
материалдарын жеткізу үшін «жасыл дәліз» ашылды.


Автокөліктердің қозғалысын шектеуді бақылау 49 негізгі магистральдық жол қиылыстарында (Өскемен қаласы-25, Семей қаласы-24) жүзеге асады.
Қызметтік көліктерді қоспағанда, күндіз автомобиль көліктерінің жүруіне шектеу
және түнгі уақытта тоқтау енгізіледі.
Қоғамдық көліктердің қозғалысы апта ішінде біртіндеп қысқартылады.
Жұмысын жалғастыратын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері тек қана
қызметтік көліктермен тасымалданады (кәсіпорынның жекелеген кестесі бойынша).
6 сәуірден бастап жеке көлік қозғалысы шектеледі.
Дүйсенбіден жұма аралығында айдың жұп күндері көлік нөмірі 0-ді қосқанда, тек жұп санына аяқталғандар, ал тақ күндері көлік нөмірі тақ санға аяқталғандар ғана жүреді.
Сенбі мен жексенбіде, сондай-ақ мереке күндері жекеменшік көліктерінің қозғалысы
тоқтатылады.

Осы айдарда

Back to top button