Ауыл шаруашылығы

Ауызсу мәселесі алдағы үш жылда шешілуі тиіс

 Ауызсу мәселесі алдағы үш жылда шешілуі тиіс


Облыс халқының 88 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған, бұл республикалық көрсеткішпен шамалас. Атап айтсақ, қала халқының 97,8 және ауыл халқының 73 пайызы суды орталықтандырылған жүйе арқылы тұтынуда.

Бұл мәліметтер 2020 жылға дейінгі «Ақ бұлақ» бағдарламасы барысы қаралған облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде айтылды.

Статистикалық мәліметтерге жүгінер болсақ, бүгінде облыста мекендейтін 1 миллион 379 мың адамның қалада тұратын 827 мыңы мен ауылда тұратын 387 мыңы ауызсумен қамтылып отыр. Яғни, алдымызда қалған 165 мыңдай адамды таза сумен қамтамасыз ету міндеті тұр.

– Былтыр бағдарлама шеңберінде құны 35,6 миллиард теңгені құрайтын 50 жоба іске асырылған. 18 жоба аяқталып, 246 шақырым желі салынды және жаңартылды, 32 жоба осы жылға ауысты, – деді облыстық энергетика жәнетұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алма Қайрақанова. – Биыл іске асырудың түрлі сатысында тұрған жалпы құны 62 миллиард теңгені құрайтын 68 жоба бар. Қазіргі уақытта 42 нысанда жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Ағымдағы жылы 11 құрылысты аяқтау жоспарланған, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Красная Шемонайха ауылының 653 тұрғынын, Аягөз ауданындағы Көксала мен Қаражал ауылдарының300-дейтұрғынын сумен қамту құрылыстары бар.

Сондай-ақхалқының саны 50-ден 200 адамға дейінгі шағын 45 ауылда блоктық-модульдік станцияларды орнату биылға жоспарлануда.
–Алдағы үш жылда облысымызда ауызсу тапшылығы мәселесі толық шешілуі қажет.Негізгі міндет – құрылыс жұмыстарының сапасына жіті мән беріп, барлығын белгіленген мерзімге дейін аяқтау. Бөлінген қаржының әр тиыны тиімді жұмсалуы керек, – деп ескертті осы ретте аймақ басшысы.
Осы бағдарламаның нәтижесінде 2021 жылға қарай облыстағы ауыл тұрғындарының 90,8 пайызы, ал жалпы облыс тұрғындарының 91,2 пайызы таза ауызсумен қамтылуы тиіс.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button