Инфрақұрылым

Ауылдарға ауызсу тартылады

      Елді мекендерге ауызсу тарту жұмысы биыл аудан әкімі Нұржан Тоқсейітовтің қолға алуымен қарқынды жүре бастады. Бүгінде Алакөл жағасына су құбыры тартылуда. Бұл жұмысқа 9918 миллион теңге бөлінген. Сол сияқты Мақаншы Көктал бағытына қомақты қаржы қарастырылған.

Биыл өңірдің 11 елді мекеніне ауызсу тартылуда. Айталық, Бақты ауылына 340 000 мың теңге жұмсалып, келесі жылы аяқталуы межеленген. Аудан орталығының іргесіндегі Бестерек елді мекеніне 549 976 мың теңге қарастырылып, жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Көл жағасындағы Қабанбай округіне 1 405 700 мың теңге бөлінсе, Шолпан ауылына 620 280 мың теңге қарастырылып, оның биылғы жұмыстарына 43 527 мың теңге бөлінген. Аталған елді мекендердің су құбырын тарту істері 2021 жылы аяқталуы керек. Сондай-ақ құбыр салу жұмыстары Үржар (үшінші кезеңі), Жоғарғы Егінсу, Ақжар, Сағат, Елтай, Мақаншы округтерінде қарқынды жүруде. Бұл жұмыстар 2021-22 жылдары толық жүзеге асуы тиіс.

Мұнымен қоса, Үшбұлақ, Амангелді, Подгорное, Қызылжұлдыз ауылдарының су тораптарын қалпына келтіруге бюджеттен 42 миллион теңге қарастырылды.

Жыл аяғына дейін өңірдегі 40 мыңға жуық адам тұратын 30 елді мекенге су құбыры жеткізіліп, аудан тұрғындарының 56,6 пайызы сапалы сумен қамтылмақ.

Бейсенғазы Ұлықбек

Үржар.

Осы айдарда

Back to top button