Экология

Қауіпті аумақтарда бақылауды күшейту қажет

Қауіпті аумақтарда бақылауды күшейту қажет

Аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВ су тасқыны қаупі күшейген қазіргі кезеңдегіқауырт мәселелер талқыланған арнайы жиында жағдайды қатаң бақылауда ұстау керектігінқадап тапсырды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығы Нұрлан Мадьяров хабарлағандай, жуырда Ертістің бетінде кептелген мұздардың негізгі бөлігі өзен суымен Шығыс Қазақстан аумағынан тысқары ағып кеткен. Зырян ауданында Хамир өзенінің жағасын бекіту жұмыстары жүргізілді. Мамандар өңірдегі су басу қаупі бар аумақтардағы тұрғындар арасында түсіндіру шараларын өткізген. Аймақтағы су қоймаларынан су жіберудің кестесі мен көлемі бекітілген.

– Ағымдағы мәселелермен мұқият жұмыс істеген жөн және қажет жағдайда көмек көрсетілуі қажет, тиісті қаражат бюджетте қарастырылып қойған, – деді Даниал АХМЕТОВ осы ретте.

Облыс әкімі апта ішінде Өскемендегі Үлбі өзенінің жыл сайын тұрғындарға қауіп төндіретін жағалауын мықтап бекітуді міндеттеді. Егер өзендегі судың деңгейі жауын-шашын салдарынан күрт көтеріліп кететін болса, қажетсіз жұмыс көлемі көбейе түседі, сол себепті бұл шараларды алдын ала жасаған абзал, деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button