Денсаулық сақтау

Аудандық ауруханаға 15 миллион теңгенің құрал-жабдығы алынбақ

Тарбағатай ауданына барған облыстық қоғамдық кеңес мүшелері ауданда жыл өткен сайын өршіп келе жатқан обыр ауруының алдын алу мәселесін қарады. Оларға жергілікті дәрігерлер аталған дертпен күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Аудандық ауруханаға 15 миллион теңгенің құрал-жабдығы алынбақ– Аудан бойынша өткен жылдың алты айында обыр дертіне шалдыққандар саны он болса, биылғы жартыжылдықта 14 болып отыр. Онкологиялық аурулардың өршуіне азаматтардың дәрігерлерге кеш көрінуі басты себеп болып отыр. Олар әдетте, дерт меңдегенде, оның 4-5 деңгейлі кезінде, дәрігерлер ешқандай амал жасай алмайтын кезеңде келеді, – дейді аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ғайдар Жақсылықов.

Жалпы, аталған мәселеге байланысты аудан тұрғындарымен үнемі ақпараттық жұмыс жүргізіледі, профилактикалық тексерулер жүйелі өткізіліп, жаңа медициналық құрал-жабдықтар сатылып алынуда.

– Қыркүйек айында біздің ауданаралық ауруханаға құны 11,5 млн. теңге тұратын бейне гастроскоп пен 3,5 миллион теңгелік эндоскоптарды жуатын автоматтандырылған машиналар сатылып алынбақ, – дейді ауданаралық аурухананың бас дәрігері Көбеген Дүйсенбаев.

Оның айтуына қарағанда, ауданда онкоауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік беретін скринингтік спектрдің қызметін кеңейту керек сияқты.

Тарбағатай ауданында өткен қоғамдық кеңестің көшпелі отырысына қатысушыларға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанғазы Әліпбаев пен облыстық онкологиялық диспансердің онколог-хирургі Роман Нәлібаев ғасыр дерті саналып отырған дерттің алдын алу және емделу жолдарын түсіндірді.

Ғафура Сәрсенбайқызы

Осы айдарда

Back to top button