Экология

Ауаны ластап жүрген кім?

Экологиялық қауіпсіздік орталығы қыркүйек айында ауаны ластаушы кәсіпорындарды анықтау мақсатында акция ұйымдастырған болатын.  Акция қорытындысы бойынша бірқатар кәсіпорындардың экологиялық талаптарды орындамай отырғандығы анықталды.

 Акция барысында облыс тұрғындары қоршаған ортаға көптеп зиян келтіріп жатқан шағын кәсіпорын, жылыту қазандығы және автокөліктерге қатысты арыз-шағымдарын WhatsApp арқылы жолдады.   Нәтижесінде шағым көп түскен «Ұлан» атты ет-консерві зауыты тексерілген болатын. Өскемендегі бұл кәсіпорынның, біріншіден, тозаң тұтатын құрылғысы талапқа сай емес, екіншіден, техникалық құжаттары дұрыс емес екендігі анықталған.  Аталмыш кәсіпорын үстінен  әкімшілік кодекстің 331, 332-баптары бойынша, хаттама толтырылды. Сондай-ақ жуықта облыстық экология департаментінің тексеруінен кейін тағы бір кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Тұрғындардың арыз-шағымы мен өтініштері бойынша экологтар «Элхон» ЖШС мен «Авто-Шах» автосервистік орталығында тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтар анықтады.             «Элхон» ЖШС шаң-газ ұстайтын қондырғыларды пайдалану талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 331 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыдан кейін кәсіпорын арнайы фильтр қондырғыларын орнатты. Ал «Авто-Шах» айыппұлмен ғана құтыла алмады. Автосервистік орталық  экологиялық заңнаманың талаптарын өрескел бұзып отыр. Экологтар бұзушылықтар түзетілгенге дейін кәсіпорынның жұмысын тоқтата тұруды жөн деп тапты.

Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары тексеру жұмыстарын жалғастырады.

 Лаура Тілеубайқызы   

Осы айдарда

Back to top button