Денсаулық сақтау

Ауған соғысының ардагерлері тегін емделеді

Ауған соғысының ардагерлері тегін емделедіАқпанның 6-8 аралығында ауған соғысының ардагерлері тегін медициналық тексеруден өтіп, дәрігер мамандардың қабылдауында бола алады.

Бұл игі шара Ауған жерінен кеңестік әскердің шығарылуына 24 жыл толуына орай іске асырылып отыр. Облыстағы барлық емдеу-профилактикалық мекемелерде жоғарыда көрсетілген уақытта ашық есік күні ұйымдастырылып, интернационал-жауынгерлерге консультативтік-диагностикалық қызметтер көрсетіледі.

Тегін медициналық көмек түрлеріне мыналар жатады: былайғы уақытта қол жете бермейтін дәрігер мамандардың қабылдауында болу, электрокардиограмма (ЭКГ), эндоскопия (ФГДС), ультра дыбыстық зерттеу (УЗИ) аппараттарына қаралу және зертханалық зерттеулер.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button