Шығыс – Адалдық алаңы

Атақты спортшының әңгімесі әсерлі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі танымал тұлғалармен бірге «Адалдық сағатын» өткізуді үрдіске айналдырған. Ондағы мақсат – жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Бұл жолы аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы, танымал спортшы Ардақ Назаров жобаның қонағы болды.

Ардақ Назаровпен кездесуге облыстағы барлық жоғары оқу орны мен 600-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Атақты спортшы спорттағы жетістіктерін айта отырып, отбасы құндылығы, адамдар арасындағы құрмет тақырыбына да тоқталып,  пікірін білдірді. Әлемнің түкпір-түкпірін аралап, сан доданы көрген спортшының адамгершілік туралы айтқан әңгімесі әсерлі де сенімді шықты.

– Басқа спортшылар аптасына үш рет дайындалса, мен 13 мәрте жаттығу істедім. Олар таңғы жаттығуға екі сағат арнаса, мен олардан екі есе көп уақыт бөлдім, – деген Ардақ Назаров тынбай жаттығумен қатар парасатты да үлгілі адамдардан өнеге алғанын айтты.

– Спортшы болсам да, кітап оқудан қашқан емеспін. Спорт – денені, кітап миды жаттықтырады, – деді спортшы.

Тасқын Болатұлы

Back to top button