Денсаулық сақтау

Қасым Қайсенов кентінде емхана салына ма?

Қасым Қайсенов кентінде емхана салына ма?

Облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен Ұлан ауданының орталығында емхана салу мәселесі талқыланды.
Ұлан аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұхамеджан Рашидбектің айтуынша, орталық аудандық аурухана – Таврия ауылында. Егер Қасым Қайсенов кентінде емхана бой көтерсе, халық үшін өте ыңғайлы болар еді.
– Кенттегі амбулатория бес қабатты үйдің екінші қабатында. Медициналық көмекке жүгінетін тұрғындар қатары көп, – дейді Ұлан аудандық медициналық бірлестігі бас дәрігерінің орынбасары Индира Омарова.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Жанғазы Әліпбаевтың айтуынша бұл мәселе аудандық медициналық бірлестікпен қарастырылуда.
– Бірақ жақсы дәрігерлік амбулатория ғимаратын салғанымыз дұрыс шығар. Өйткені емхана – стандарт бойынша өте үлкен ғимарат. Оның үстіне мамандар да тапшы, – деп қосты Жанғазы Әліпбаев. Демек, емхана, әлде дәрігерлік амбулатория ғимараты салына ма? Бұл мәселе аудандық қоғамдық кеңестің келесі отырысында талқыланады.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button