Ауыл шаруашылығы

Асыл тұқымды мал сатып алынды

Қарабұта елді мекені тұрғындарының малы жұқпалы аусыл ауруына тап болғанда, бүкіл ауданның әбігерге түскені бар. Қазір індетке ұшыраған малдың орны толтырылып жатыр.

Асыл тұқымды мал сатып алындыАуыл тұрғындары үшін көрші Абай ауданының Қарауыл, Көкбай ауылдарынан қылшық жүнді, асыл тұқымды «Еділбай» қойының 450 басы сатып алынды. Ново-Шульба ауданының «Қызыл партизан» серіктестігінен сүт бағытындағы «Симменталь» сиырының 20 бас құнажыны әкелінді, енді 25 басы келеді. Өзіміздің ауданның ішіндегі Елтай, Бақты ауылдарынан да малдар сатып алынуда.

Осы Қарабұта ауылдық округінде ауруға шалдыққан 500 бас қой-ешкі, 243 бас ірі қараның көзі жойылған еді. Енді сол малдардың орнын таза қанды, асыл тұқымды малдың басымен толтырып жатыр. «Дулат» шаруа қожалығының иесі Мұхтар Солтанбеков таяуда 16 бас құнажын, асыл тұқымды бір бұқа сатып әкелді.

Бейсенғазы Ұлықбек

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button