Өзекті

Аса қауіпті зиянкестерге қарсы дайындалып жатыр

Биыл үржарлық диқандар 3,2 мың гектар аумақта аса қауіпті зиянкестермен күрес жүргізбек.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Мұратбек Бестібековтің айтуынша, биыл аудан аумағындағы егіс алқаптарының 3200 гектарында аса қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

– Оның ішінде екі мың гектары авиация көмегімен өңделсе, қалған 1200 гектары бүріккіш құрылғылар арқылы жүзеге асырылатын болады, – дейді Мұратбек Бестібеков.

Жауапты тұлғаның айтуынша, Үржар аудандық аумақтық инспекциясы бүгінгі күні өсімдіктер карантині бойынша төрт мемлекеттік қызмет көрсетіп отыр.  Олардың ішіне ел аумағынан тыс және ел ішінде карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдауға фитосанитариялық сертификаттар беру қызметтері кіреді. Бұл бағытта, осы жылдың бірінші тоқсанында аумақтық инспекцияға 17 тұрғыннан Қытай Халық Республикасына күнбағыс өнімдерін шығаруға фитосанитариялық сертификат алуға байланысты өтініш келіп түскен. Нәтижесінде барлық өтініш қанағаттандырылып, жалпы көлемі 346 тонна күнбағыс өнімі көрші елге тасымалданған.

– Әр шаруа қожалығы өзіне тиесілі жер телімдерінде карантиндік объектілер, укекіре мен арамсоя анықталған жағдайда олардың ошақтарын оқшаулап, жою жұмыстарын жүргізуге міндетті, – деп қосты инспекция басшысы.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button