Ауыл шаруашылығы

Арзан өнімді алушылар көп болды

Өскемен қаласының тұрғындары аптаның соңында «жәрмеңкеге барамыз» деп жоспарлауды дағдыға айналдырғалы қашан. Бұл жолы облыс орталығына Ұлан ауданының ауыл шаруашылық өнімдері келді.

Арзан өнімді алушылар көп болдыҰландықтар жәрмеңкеге жылқы, сиыр, қой, шошқа еттерімен қатар күнбағыс майы, бал, жартылай фабрикат өнімдерін және тағы басқа да тәтті-дәмділерін әкеліпті. Келушілер көптеп сатып алатын көкөніс те жәрмеңкенің сәні. Тұрақтандыру қорының азық-түліктері де халық арасында мол сұранысқа ие.

Бұл жәрмеңкенің халыққа берері мол. Себебі, сауданың бұл түрі арқылы қала тұрғындары сапалы ауыл өнімдерін көңілге қонарлық бағаға сатып ала алады. Сонымен қатар жәрмеңке облыс орталығындағы инфляциялық үдерістерді тежеуге болатын бірден-бір механизм.

– Мен жәрмеңкеге айына екі рет барамын. Келген сайын көкөніс және ет сатып аламын. Анда-санда бал сатып аламын. Ұлан ауданының өнімдеріне қарасаң, көз тоятындай. Көрші дүкенде картоп бағасы 90 теңге, ал бұл жерде 50 теңгеден, – дейді жәрмеңкеге келуші Айнұр Құмарбекова.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button