Ауыл шаруашылығы

Қарызға қой берілетін болды

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және оларды қолдау мақсатында «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы аймағымызда «Жайлау» бағдарламасын іске асырып жатыр.

Қарызға қой берілетін болдыОған облыстық бюджеттен 200 миллион теңге қаржы бөлінген болатын. Ол Абай, Жарма, Күршім, Тарбағатай аудандарына бағытталып отыр. Қазірдің өзінде Абай ауданы бағдарламаны іске асыратын операторлармен 50 миллион теңгенің келісімшартын жасасты.

Бағдарлама бойынша тұрақты жұмысы жоқ немесе алғашқы қаржысы жетпей тұрған ауыл тұрғыны өсіру үшін 100 ұсақ мал алып, оны 2014 жылдан бастап қайтара бастайды. Сөйтіп, төрт жыл бойы жыл сайын 25 қозы бере отырып, 2017 жылдың соңында қосымша тағы 100 тоқты немесе ірі мал қайтарады. Жергілікті әкімдіктер жанынан құрылған комиссия өз шешімімен осы жұмысты атқаратын операторды белгілейді. Одан соң ол «Ертіспен» бірлесе қызмет атқару туралы келісімшарт жасайды.

– Бағдарлама мал өсіретін ауыл тұрғындары үшін аса қолайлы, – дейді мамандар.

Еркінбек Асқарұлы

Осы айдарда

Back to top button