Экология

Арнайы әлеуметтік-экономикалық жоба қолға алынбақ

Семей сынақ полигонынан зардап шеккен аймақ-ты сауықтыру үшін Парламент тыңдауы өтеді дегеннен құлағдар халық бүгінде өздеріне қатысты барлық әлеуметтік-экономикалық проблемаларды Үкі-мет назарына ұсыну үшін жинақтауда. Облыста осы мәселеге байланысты арнайы жұмыс тобы құрылған еді. Жұмыс тобының жетекшісі, облыс Әкімінің бірінші орынбасары Серік ӘБДЕНОВ Абыралы өңірі, Қайнар ауылына барып қайтты.

Арнайы әлеуметтік-экономикалық жоба қолға алынбақҚайнар – полигон ошағы орналасқан ауыл. Мұнда проб-лемалар жетіп артылады.

– Міне, қатарынан бірнеше жыл болды, бұл өңірде байланыс жоқ. Электр энергиясы дұрыс емес. Осы мәселе-лерді Парламент тыңдауына міндетті түрде ұсыну керек деп ойлаймын, – деді қала әкімі Айбек Кәрімов жұмыс тобына жағдайды түсіндіру барысында. – Жергілікті Мәдениет үйінің жылу жүйесі түбегейлі жөнделуі керек. Жаңа қа-зандық тұрғызылуы қажет. Интернат пен балабақша қажет. Ауылдың әлеуметтік жағдайын ең алдымен шешкен жөн.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жол жағдайы өте нашар, медициналық қызметті де жетілдіру керек. Ең қарапайым деген дәрігерлік тексеруден өте алмай отырмыз дейді қайнарлықтар. Ал мамандардың айтуынша, осы Абыралыда жоғарғы қан қысымы ауруымен және онкологиялық сырқаттармен тұрғындар жиі ауыруда. Осы мәселені Үкімет басты назарға алса, жақсы болар еді десті тұрғындар. Жұмыс тобының құрамына облыстық және қалалық мәслихат депутаттары кірген еді. Олар да өз ұсыныстарын ортаға салды. Облыстық мәслихат депутаты Марат Құрманбайдың айтуынша, көрші Ресейде 2002 жылы Семей сынақ полигонына байланысты заң қабылданыпты. Онда 1969 жылға дейін полигон аймағында тұрған азаматтар зейнеткерлікке 10 жыл бұрын шығатындығы жазылған. Осындай өзгеріс біздің тұрғындарға да аса қажет деді депутат.

– Бұл айтқандарыңыздың барлығы дұрыс деп ойлаймын және оны шешудің уақыты келді, – деп түйіндеді кездесу соңын облыс Әкімінің бірінші орынбасары Серік ӘБДЕНОВ. – Егер осы өңірде жол болмаса, су мен жарық жоқ болса, ауыл қалай дамымақ? Бұл жерде кәсіпкерлік кеңінен қанат жайып, экономика өркендейді деген бос сөз боп қала берер еді. Осында айтылған ұсыныстар Парламент Мәжілісінің қарауына міндетті түрде кіруі керек. Бұл проблемалар қолға алынса, Шығыс Қазақстан облысындағы түйт-кілді мәселелерді шешуге көмектеспек. Бұл үшін біз арнайы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасауымыз керек деп ойлаймын.

Жиында абыралылықтар аудан мәртебесін қайтаруды да қозғап, бұл мәселені де Парламент қарауына енгіздірді. Облыс Әкімінің бірінші орынбасары Серік ӘБДЕНОВ бас-таған жұмыс тобы Семей қаласындағы Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінде де болып, арнайы жасалынып жатқан ғылыми жобалармен танысты. Жобалар заманауи инженерлік тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстар легіне жатады. «Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы» зертханасында болып, университет ғалымдары әзірлеген Шығыстағы агротехнопарк жобасының тұсау-кесеріне қатысты. Алдағы уақытта бұл жерде Семей поли-гонының зардаптары және оларды сауықтыру, қалпына келтіру мәселелері қарастырылмақ.

Сөйтіп, қазір Семей сынақ полигонының зардаптарын жоюға байланысты арнайы құрылған жұмыс тобының басшылығымен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Раушан Нұғманбекова
Семей

Осы айдарда

Back to top button