Мәдениет

Арнай алдына жан салмады

Күйшілік өнердің қыр-сырын жастайынан жетік меңгеріп, бірер жылдың ішінде ауданымыз ғана емес, республикаға танылған жас өнерпаз, аудандық өнер мектебінің үздік оқушысы – Арнай Надырханов. Арнайдың атасы ертеде домбырадан бастап, қос ішекті аспаптардың барлығында ойнай білген өнерлі адам болған.

Арнай алдына жан салмадыБиылғы ақпан айында жасөспірімдердің 46-шы республикалық байқауына облыстық іріктеу кезеңінде Үлкен Владимировка орта мектебінің 5-сынып оқушысы Арнай Надырханов бас жүлдені иеленіп, республикаға жолдама алған болатын.

Бұл ел көлеміндегі байқауға ұстазы Е.Мотышевтің жетекшілігімен барған Арнай Алматыдағы оқушылар сарайының сахнасында өзінің сүйікті үш шығармасы: «Шығыс рапсодиясын», Сүгірдің «Назқоңыры» мен Құрманғазының «Төремұратын» шебер орындап, ұзақ дайындалған байқаудан жеңіспен оралды. Ол жүлделі 1-ші орынмен қатар Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балалар мектебіне емтихансыз қабылданғаны жөніндегі сертификатқа да ие болды.

Әсел Қасымғожина
Бесқарағай ауданы

Осы айдарда

Back to top button