Экология

Қара түтінге көметін көлікке орын жоқ

Қара түтінге көметін көлікке орын жоқКөктем шыға Өскеменнің ауасы бұрынғыдан бетер ластанып, көшені шаң-тозаң басып кетті.

Қаладағы «Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС директоры Геннадий Корешковтың айтуынша, ауаның ластануына себепші болып отырғандардың бірі – техникалық ақауы бар ескі автобустар.

– Автопарк иелері автобустардың көшені қара түтінге толтырып кетіп жатуын сапасыз жанар-жағармай мен тарифтің төмендігіне жауып келеді. Жолға шығар алдында қоғамдық көліктерді мұқият тексеріп, ақауы бар автобустарды анықтап, жөндеуге жіберу керек. Пайда қуып, халықтың денсаулығын ойламайтын автобус иелерінің жұмысын тоқтататын кез жетті, – дейді ол.

Аялдамалар мен көшелерді қара түтінге көміп кетіп жатқан автобустардан арылу үшін облыс орталығында экологиялық қауіпсіздік орталығының бастамасымен «Түтіндететін автобустарға орын жоқ» атты акция өтуде. Қала тұрғындары түтіндеткен көлік көрсе, 76-84-04 және 76-89-28 сенім телефондарына хабарлауы керек. Ондай қоғамдық көліктер рейстен алынып, автопаркке айыппұл салынады.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button