Оқиғалар

Қар суына қарсы қапысыз дайындық

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында көктемгі қар суына қарсы алдын алу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жекелеген су басу оқиғаларын айтпағанда, аймақтағы жағдай тұрақты.

Қар суына қарсы қапысыз дайындықОблыстық төтенше жағдайлар департаменті болуы мүмкін су тасқыны жағдайында апаттық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды өткізу үшін Катонқарағай ауданындағы Барлық, Сенное ауылдарындағы екі мобильдік топты жинақтау шешімін қабылдады. Топтар су басқан жерлерге барлау жасап, тасқындық жағдайдың мониторингін жүргізетін болады.

Аймақта мобилизациялық даярлау, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Ертіс бассейндік инспекциясының, облыстық ТЖ департаментінің, «Қазводподхоз» АМК бөлімшесінің мамандарынан құрылған жұмыс топтары тасқын қаупі бар учаскелерді тексеріп, тасқынға қарсы жұмыстардың орындалуын қадағалауда.

ШҚО бойынша ТЖД-ның тасқын-дарға қарсы бұл шараларды өткізу күші мен құралдары жеке құрамның 27 адамынан, 5 техника бірлігінен, жүзу құралдарының 5 бірлігінен, 1 мотокомптан құралады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button