Экология

Арқар саны артты

Жаз шыға Тарбағатайдағы арқарлардың негізгі бөлігі таудың альпілік белдеуіне қоныс аударады. Осы кезде Қарабас тауында төлдер мен ұрғашылардың азғана бөлігі қалады.

Жалпы, арқарлардың төлдеуі сәуірдің бірінші онкүндігінен бастап мамыр айының соңына дейін жалғасады. Төлдерін өсіру кезеңінде ұрғашысы табынды уақытша тастап, оқшауланып, ал төлдегеннен кейін алғашқы бірнеше күнді қозылармен өткізеді. Содан кейін ұрғашылары төлдерімен кішкентай табындар құрайды.

Қозылар туғаннан кейін бірден аяққа тұрып, анасына ереді. Жаңа туған қозының орташа салмағы 4,5 келіден аспайды. Аналығы төлдерін сүтпен шамамен 4-5 айға дейін тамақтандырады, бірнеше аптадан кейін жас төлдері жасыл шөпті жей бастайды. Соның арқасында күзге қарай жас қозылар тез есейіп, қатал қысқа төзімді болуға мүмкіндік береді.

А.Рахимбеков,

«Тарбағатай» табиғи паркінің аңшы-биологы

Осы айдарда

Back to top button