Цифрлық Қазақстан

Ақы төленеді

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мемлекеттік қызмет көрсету процесін одан әрі цифрландырып жатыр. Олар осы бағытта даму үшін IT-мамандықтарды меңгеріп жүрген креативті студенттерді іздеуде.

Корпорация Smart Start жобасын іске қоспақшы. Жоба жас мамандарға ақысы төленетін тағылымдама ұсынып, олардың алдағы уақытта жұмысқа орналысуын қарастырады.

– Біз IT мен мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша тың идеясы бар студенттерді іздейміз. Біздің болашақ тағылымдамашылар түрлі сервистер әзірлеп, деректер жинап, оларды талдайтын болады.Олар Smart Start аясында IT-өнімдер әзірлеу бойынша оқып, дағды-білігін арттырады, нақты кейстермен жұмыс істейді. Үздік танылғандар бізге жұмысқа қабылданады, – дейді корпорация басшылығы.

Тағылымдамаға қатысушылар саны шектеулі, сондықтан үміткерлер арасында бірнеше кезеңнен тұратын іріктеу жүреді.Бірінші кезең – өтінім қабылдау (15 тамыз – 15 қыркүйек). Үміткер арнайы өтінім толтырады, оны корпорация сайтынан жүктеуге болады. Одан кейін түйіндеме, оқу орнынан анықтама, GPA транскрипті және «Неге корпорацияда істегім келеді және болашақта компанияға қандай пайда әкелемін» тақырыбына эссе талап етіледі. Өтінім мен қажет құжаттарды i.rakhimova@gov4c.kz поштасына жіберу керек.Екінші кезеңде қатысушылар тест тапсырады, ал қорытынды үшінші кезеңде сараптау комиссиясымен әңгімелеседі.

Корпорация ақтық кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздарға жобалар менеджері, өнім талдаушысы, backend/frontend әзірлеуші, жүйелік әкімші қызметтерін ұсынады.

Ержан Кеңесұлы

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button