Ұлыс оң болсынҰлыстың ұлы күні

Amanzholov University наурыз тойын өткізді

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті дүбірлі Наурыз думанын ауқымды түрде тойлады. Әсем ұлттық киімдер, спорттық сайыстар, тіл үйірер тағамдар үйлесіп бірлік пен достық атмосферасын орнатты.  Қонақтарына жарты тонна дәмді палау, мыңдаған ыстық бауырсақ пен 500 литр наурыз көже таратылды.

Таяуда ғана Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мәдениетті қорғауға және дамытуға үндеді. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Қазақ халқының өзіндік мәдениетінің бастауы салт-дәстүрде жатыр». Біздің мәдениетіміздің ерекшелігі ұлттық киімде де жарқын көрініс табуда. Егер өскелең ұрпақ ұлттық киімін тек Наурыз мейрамы мен басқа да мерекелерде ғана емес, күнделікті киетін болса, керемет болар еді. Ұлттық мәдениет – бұл халық өмірінің айнасы, оның болмысының көрінісі. Ал елдің рухани дамуы ұлттық сананың дамуымен тікелей байланысты».


Amanzholov University ұлттық мерекені барынша көңілді тойлады. Ұлттық стильдегі театрландырылған шоулар, ауқымды көрмелер, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық тағамдарды дайындауға арналған байқаулар – бұл Наурызды тойлаудың бір бөлігі ғана. Оқу орны алдына жеті ақшаңқан киіз үй тігілді. Қонақтар Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Дінмұхамед Қонаев, Сәрсен Аманжолов, Қаныш Сәтпаев, Юмаш Уәлиев, Қанипа Бітібаева «ауылдарында» болып, киіз үйлердің сән-салтанатымен, ұлы тұлғалардың өмірі және қызметімен танысты. ЖОО ұжымы жарты тонна дәмді палау, мыңдаған ыстық бауырсақ пен 500 литр наурыз көже дайындады. Ырғақты музыка мен ұлттық билер қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлап, ақсақалдар ізгі баталарын берді. Жас ақындар айтыста мықтылықтарын анықтады.
Ниет білдіргендер қой көтеру, арқан тарту, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ату, аударыспақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен күш сынасты. Оған қоса, маңызы зор дәстүр – «Тұсау кесу» өткізілді. Тәй-тәй басқан баланың тұсауын кесу құрметі сыйлы қонаққа берілді.

– Бүгінгі бұл мереке көпэтносты Қазақстанымыздың барлық халықтары үшін маңызды мейрам. Ежелгі Наурыз мейрамы көне дәстүрлердің сабақтастығын сақтай отырып, заманауи өмірмен үйлесті. Наурыз – көпұлтты еліміздің бірлігінің символы, бәріне ортақ мереке. Сондықтан біздің мемлекетіміздің басты құндылықтары – бейбітшілік пен келісім туралы есте сақтау өте маңызды, – деп атап өтті Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Осы айдарда

Back to top button