Ауыл шаруашылығы

Қалғұтыда қарбыз көп егілді

Қалғұтыда қарбыз көп егілдіКүршім ауданы Қалғұты ауылдық округінде биыл 200 гектар алқапқа қарбыз егіліп, өсіріліп жатыр. Бұл өткен жылғыдан 25 гектарға артық. Биылғы жаздың ыстық болуы бақша өнімдерінен мол түсім алуға септігін тигізеді дейді шаруалар.

Екі жүз гектардың 110-ы шаруа қожалықтарының үлесіне тисе, қаратоғайлық жеке тұрғындардың еншісінде 30 гектар алқап бар. Ал Ақши ауылындағы ағайындар осы жылы 61 га жерге қарбыз салыпты. Бақша алқаптарына су Қалғұты, Сарыөзек өзендерінен молынан жеткізілуде. Ауылдық округ әкімі Т.Хамитов шаруалардың суды түзілген кестеге сәйкес кезекпен алу жағын реттеп қойған.

Күннің ыстық болып, судың жеткілікті сіңірілуі егістіктегі қарбыздардың мол түйін тастап, жақсы өсуіне мүмкіндік туғызды. Ендеше Күршімнің әйгілі қарбызы барлық сауда орындарын жаулап алатын күн алыс емес.

Қадырбек Кәкімұлы

Осы айдарда

Back to top button