Нұр Отан

Алты ауданда сайлау-есеп беру конференциялары өтті

26 сәуірден бері Курчатов қаласы мен Күршім, Жарма, Абай, Ұлан, Шемонайха аудандарындағы Nur Otan партиясы филиалдарында кезекті сайлау-есеп беру конференциялары өтуде. Өңірдегі санитарлық-эпидемологиялық ахуалды ескере отырып, кей аудандарда жиын онлайн форматта ұйымдастырылды.

Жиындарға аудандық филиалдардың төрағалары – аудан әкімдері, бастауыш партя ұйымдарының мүшелері, партия белсенділері қатысты.

Кезекті сайлау-есеп беру конференцияларында бірнеше нақты мәселе қаралды. Атап айтқанда, аудандық филиалдар Саяси кеңестерінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары бойынша есептері тыңдалды, аудандық филиалдар Саяси кеңестерінің құрамына өзгерістер енгізілді, облыстық филиалдың кезекті XXV конференциясына делегаттар сайланды.

– Халық пен мемлекет арасында тиімді кері байланыс орнату мақсатында партия филиалының жаңа Саяси кеңесінің құрамына жастар, қоғамдық пікір көшбасшылары, әйелдер қауымы арнайы енгізіліп отыр, – деп атап өтті партияның Ұлан аудандық филиалының төрағасы Р. Құрмамбаев.

Еске салар болсақ, осы жылы сайланған Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихаттарда да жастар мен әйелдер қауымына барынша назар аударылған болатын.

Сәуірдің соңына дейін барлық аудан-қалаларда осындай коференциялар өтетін болады. 6 мамырды Nur Otan партиясы облыстық филиалының кезекті XXV конференциясы өтіп, онда республикалық конференцияға қатысатын делегаттар сайланады.

Didar ақпарат

 

Осы айдарда

Back to top button