Ауыл шаруашылығы

Алтайлық шаруалар мал басын арттырып, дақыл түсімін ұлғайтпақ

Биыл Алтай ауданының Полянское ауылындағы бірнеше шаруа қожалығы мал басын арттырып, дәнді дақыл түсімін одан әрі ұлғайтуды ойластыруда.

Өткен жылы ауылдық округтегі шаруашылықтар 5238 гектар алқапқа дәнді, майлы және мал азықтық дақылдарды егіп, жақсы түсім алды. Сондай-ақ минералды тыңайтқыштар мен гербицидтер сатып алу мақсатында округтің шаруа қожалықтары 51 млн. теңгеден астам мөлшерде субсидия алды. Жүргізілген кешенді жұмыстар нәтижесінде егіс түсімі гектарынан 17,1 центнерге жетті, – дейді Полянское ауылдық округінің әкімі Александр Попукалов.

Өсімдік шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығын қарқынды дамытқан ауылдық округте бүгінгі таңда бірнеше қожалық ірі қара өсіруге ден қойған. Мал шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында өткен жылы Васильевка ауылындағы бұрынғы сиыр фермалары сатылған. Бүгінгі күні онда қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Дархан» шаруа қожалығы сауылатын сиыр санын 2023 жылға қарай 300 басқа ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button