Ауыл шаруашылығы

Алтай өлкесінен асыл тұқымды малдар әкелді

Алтай өлкесінен асыл тұқымды малдар әкелдіАсыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында Зырян ауданының шаруа қожалықтары облыстың өзге өңірлерінен, сондай-ақ, Ресей Федерациясынан асыл тұқымды түліктерді сатып алуда.

Атап айтсақ, «Алау» шаруа қожалығы Ресей Федерациясының Алтай Республикасы Онгудай ауданынан 60 бас етті мүйізді ірі қара сатып алса, «Ларионов» жеке кәсіпкерлігі осы өлкенің Усть-Кокон ауданынан 16 бас сүтті мүйізді ірі қара малын әкелген.

Қазір бұл құрылымдар асыл тұқымды зеңгі баба тұяқтарын жергілікті табиғи ортаға жерсіндіріп, күтіп-бағып жатыр. Қожалық жетекшілері бұл малдардың көп ұзамай-ақ өзін-өзі ақтайтынына нық сенімді.

Сонымен қатар, ауданның өзге шаруашылықтары да «Сыбаға» бағдарламасы арқылы осындай игі істерді қолға алуды жоспарлап отыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button