Жаңалықтар

“Алтай” көтерме-тарату орталығы базарға айналмайды – ШҚО әкімі

Облыс орталығында салынып жатқан «Алтай» көтерме-тарату орталығы базарға айналмайды. Тілшілер сауалына жауап берген өңір басшысы Ермек Көшербаев осылай деді.

Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерін сапалы күйде сақтап, ішінара өңдеп, фермерден тұтынушыға делдалсыз сатуға мүмкіндік туғызу.

– Жалпы, облыс орталығында бірнеше шағын базар бар. Бірақ соның өзінде қарапайым шаруалар өнімдерін өткізу үшін делдалға жүгінуге мәжбүр. Әлбетте, бұл заңға томпақ әрекет емес. Дегенмен өндірісті тежейді. Бағаның құбылуына да әсер етеді. Ал «Алтай» көтерме-тарату орталығы салынса, мұндай жағдайдың алдын алуға болады. Екі көкөніс қоймасы салынады. Мұның әрқайсына 45 тонна өнім сақтауға болады. Бұл өндірушілер үшін зор мүмкіндік, – деді облыс әкімі.

Осы айдарда

Back to top button