Алтай ауданындағы жалғыз ардагер дауыс беруге келді
Бүгінде Алтай ауданында Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз ардагер тұрып жатыр. Василий Рудометов бұл жолы дауыс беруге өзі келуді шешті.
Бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылған конституциялық өзгерістер – негізді шешім болып саналады. Оның маңыздылығын жас та, кәрі де түсінуде. Сайлау учаскелеріне тартылған аудан тұрғындары бүгін ерекше белсенділік танытып, өздерінің азаматтық позицияларын көрсетуде.
95 жастағы алтайлық ардагер үйден шықпай-ақ дауыс беруіне болатынын білсе де, бұл жолғы референдумның ел түрғындары үшін маңызды екенін әр қазақстандыққа сезіндіру мақсатында сайлау учаскесіне өзі келді. Еліміздің жарқын болашағына сеніммен қараған ақсақал барлығына ерекше алғысын білдірді.
Партиялық емес бақылау орталығының өкілі Аида Зотованың айтуынша, ауданда сайлаушылардың дауыс беруге келу көрсеткіші жоғары көрінеді.
– Дауыс беру учаскелері уақытында ашылды. Оларда барлығы ел заңнамаларына сай ұйымдастырылған. Менің ойымша бұл күн ел тарихында қалатын күн, – деді Аида Зотова.