Референдум - 2022ТОП

ШҚО әкімі Даниал Ахметов өз таңдауын жасады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі №42-ші мектепте орналасқан №9-шы учаскеге келіп дауыс берді.

Облыс басшысы өз таңдауын жасауға келген өзге тұрғындармен бірге республикалық референдумға белсене қатысып, өз таңдауын жасады. Жоғары лауазымды шенеунік Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулердің еліміздің болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

– Конституцияға енгізілетін әрбір өзгеріс, сайып келгенде, біздің өмірімізге қатысты. Сондықтан мен нық сеніммен, балаларым мен немерелерімнің бақытты, гүлденген Қазақстанда өмір сүретінін сезіне отырып дауыс бердім, – деді Даниал Ахметов.

Сайлау комиссиясының мүшелері таңғы 7.00-ден бастап мұнда ағылып келіп жатқан, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруді мұрат тұтқан халықтың нөпірі көп екенін атап өтті. Дауыс берушілердің арасында әсіресе жастар көп.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін елімізде Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Бұл өзгертулер Ата Заңымыздың үштен бір бөлігін қамтиды.

Didar ақпарат

 

Осы айдарда

Back to top button