Экология

Алакөлдің проблемасы түбегейлі шешілмек

Алакөлдің проблемасы түбегейлі шешілмек

Келер жылы Алакөлдің жағасында жаңадан бекітпе құрылыстар салынбақ. Сол арқылы судың жағалау топырағын шайып, құрлыққа ентелей енуін тоқтатпақ.
Мамандардың айтуынша, кейінгі жылдары көлдің деңгейі үш метрге дейін көтерілген. Нәтижесінде пайда болған таудай толқындар жағалауды тынымсыз ұрып, құрлықтың мүжілуін жиілете түсті. Жағалау топырағы жыл сайын 10-15 метрге сумен шайылуда. Ал бекіту жұмыстары ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алып, шығынды төмендетуге көмектеседі.
Бұған дейін Алакөл жағалауының шайылуын тежеу мақсатында алдымен толқын басқылар, содан кейін пирстар салынған-ды. Алайда, екеуінен де ештеңе өнбегендіктен жобаны қайта түзеткен. Барлық тиісті құжаттар қазір ресімделіп, бекітілді.
Жобаны жүзеге асырушы «Қазгипроводхоз» институты өкілдерінің хабарлауынша, көл жағалауын бекіту жұмыстары 2016 жылға дейін аяқталмақ. Әрқайсысының арақашықтығы 250 метр болатын сегіз пирс орнатылмақ. Суға сұғына еніп жататын бұл пирстер жағалаудың проблемасын түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button