Ақжар – Зайсан жолы биыл аяқталады
Биыл Ақжар – Зайсан трассасының құрылысы аяқталады. Бұл туралы облыстық дәрежедегі жолдарды жөндеу, реконструкциялау және салу бойынша кеңесте аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.
Ақжар – Шілікті – Зайсан трассасының құрылысы осы жылы аяқталады. Аталған жол екі ауданның бірқатар ауылдарын өзара байланыстыратын болады.
– Жаңа Бұқтырма кентіне баратын жолды жөндейміз, сондай-ақ бұл елді мекендегі су қоймасының жағасы ауқымды түрде абаттандырылады. Өскемен – Самар ауданы, Өскемен – Северное жолдарын жөндеуге қаржы бөлініп, учаскелер анықталды, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар қазіргі және бұрынғы аудан орталықтарына дейінгі және ауылдарға кіреберіс жолдарға баса назар аударылады. Бозанбай ауылына бұрылыстан Сібе көлдеріне дейінгі трасса реконструкцияланады.
Республикалық маңыздағы жолдарға келсек, бұл ретте Өскемен – Риддер, Өскемен – Алтай трассалары жөнделмек.
Ержан Кеңесұлы