Абай - 175

Ақын өмірін әйгіледі

      Мамырсу ауылындағы С.Ғаббасов атындағы орта мектепте «Абайтану кабинеті» ашылды.   «Жас ақындар» және «Театр»  үйірмелерінің мүшелері Абай Құнанбайұлының шығармалары желісі бойынша фрагменттер көрсетті.

Мектеп оқушысы Ақнұр Тұрсынғазина Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін  оркестрдің сүйемелдеуімен орындап, көрерменнің көңілінен шықты.

Тақырыптық стендтер «Атымды адам қойған соң,  қайтып надан болайын» деген тақырыпта алты тараудан жасалған. Абай шежіресімен, «Абайды білмек керек ойлы жасқа», «Абай нәр алған  рухани арналар», «Абай – дана», «Абай – дара қазақта», «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деген тақырыптармен стенд толтырылған. Абай шәкірттері туралы фотосуреттер кабинет қабырғасынан үйлесімді орын тапқан.  Кабинет соңғы үлгідегі мультимедиалық құралдармен жабдықталып, жоғары жылдамдық интернет желісімен қамтылған.

Айта кетерлігі, шараға демеушілік жасаған мектеп түлегі Қ. Оспановқа жұртшылық ерекше алғыс сезімдерін білдірді.

Берікхан Тайжігіт

Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button