Күрделі ота жасайды
Өскемендегі №4 қалалық ауруханада жамбас және тізе буындарын ауыстыру бойынша жоғары технологиялық операциялар жасала бастады. Былтыр аурухана осындай 208 операция жасады. Сондай-ақ мекемеде заманауи тұрғыда жарақталған бірегей екі эндоскопиялық кабинет бар.
Бұл мекеменің алдына қойылған негізгі мақсат – тұрғындарға медициналық жәрдем көрсету, облыстың медициналық мекемелеріне травматологиялық және тері-венерологиялық, ревматологиялық, аллергологиялық, пульмонологиялық қызметтер бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық-диагностикалық көмек беру.
– Былтыр аурухана құрамына қалалық травматологиялық пункттің енгізілуі және коронавирус пандемиясының аяқталуы бізді травматологиялық қызметті одан әрі дамытуға итермеледі. Мәселен, ересектерге шұғыл травматологиялық көмек көрсетумен қатар, жоспарлы және шұғыл ортопедияның хирургиялық белсенділігі өсе бастады. Ал бас штаттан тыс облыстық травматологтың стационарға келуімен жамбас және тізе буындарын ауыстыру бойынша жаңа жоғары технологиялық операциялар жасала бастады. Өткен жылы аурухана осындай 208 операция жасады. Бөлім жақсы жабдықталған және осы жылдың басында біз жамбас және тізе буындарын тексеру бойынша жоғары технологиялық операцияларды орындауға рұқсат алдық, – деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Аурухананың бір мақтанышы – екі эндоскопиялық кабинет. Бірінші кабинет – бейне гастроскопия, онда жоғарғы асқазан-ішек жолдары зерттеледі. Кабинет барлық қажетті заттармен жабдықталған. Зерттеулер заманауи жабдықта жүргізіледі. Екінші кабинет – бронхоскопия. Тыныс алу жолдарын тексеруге арналған аппарат мұрын және көмей арқылы енгізіледі. Әдіс тыныс алу жолдарының күйін бағалауға, неоплазмаларды анықтауға, зертханада әрі қарай зерттеу үшін тіндік үлгілерді (биопсия) ауыртпалықсыз алуға мүмкіндік береді.
Әрине, дәрігерлер, медбикелер болмаса, бұлардың ешқайсысы енгізілмес еді. Жоспарға сәйкес жергілікті базаларда 39 орта медицина қызметкері, республикалық базаларда 44 дәрігер оқытудан өтті.
Біліктілікті арттыру бағдарламасы шеңберінде Гематология орталығы үшін дәрігерлерді оқыту жүргізіледі. Оқыту 2021 жылы басталды, Астананың Ұлттық кардиохирургиялық орталығында экстракорпоралды мембраналық оттегімен қанықтыру аппаратында жұмыс істеу үшін реаниматологтардың бірінші бригадасы оқытылды. Жергілікті бюджет есебінен өткен жылы шетелде 13 маман оқытылды.
Ағымдағы жылы кадрлық әлеуетті дамыту бойынша жұмыс жалғасады. Гематология орталығымен бірлесіп «Медбикелер мектебі» оқыту бағдарламасы әзірленді, білім алушылардың болжамды саны 300 курсант болады. 1 наурыздан бастап орта медициналық қызметкерлердің алғашқы тобы (15 адам) оқуда.
Didar ақпарат