Экология

300 мыңдай ағаш көшеттерін таратып береді

Катонқарағай ұлттық табиғи паркі құрамындағы Медведка орманшылығының тұқым бағында балқарағай, Сібір қарағайы мен Сібір шыршасының тұқымдары егіліп, күтімге алынған.

300 мыңдай ағаш көшеттерін таратып бередіҚазір орманшылар 20 гектар алқапта төрт миллион түп өскіндерді өсіріп жатыр. Бұл көшеттерді орманды қалпына келтіру кезінде кеңінен пайдаланады. Сондай-ақ, жыл сайын осы орманшылық ұжымы 300 мыңға таяу көшеттерді еліміздің, облысымыздың елді мекендерін көгалдандыру маусымдарында тапсырыс бойынша таратып береді. Орманшылықта көшетті қайта отырғызу, арамшөптерден арылту жұмыстарымен 40 шақты адам айналысуда.

Ұлттық паркте орманды қалпына келтіру мақсатында ағаш көшеттерін өсіру, қатарын толықтыру, күтіп-баптау жұмыстары жыл сайын жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Парк ұжымы орманды ағаш ауруларынан арылту, аумағында өрт ошағын болдырмау, ағаштарды орынсыз кесуден сақтау шараларын жүргізумен айналысуда. Былтыр «Рахман қайнары» аймағындағы өртенген орманның орнына 15 гектар алқапқа жас көшеттер отырғызылды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button