Жаңалықтар
25 қазанда ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді
Ертең ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
Бұл Республика күніне байланысты, деп хабарлайды Didar ақпарат.
-Республика күнін мерекелеуге байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталықтары да 25 қазанда азаматтарды қабылдамайды. ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 26 қазанда жұмысын қайта жалғастырады, -деп хабарлады Азаматтарға арналған үкімет.
Өткен жылы 25 қазанда 13 жылдық үзілістен кейін алғаш рет қазақстандықтар мемлекеттік мереке – Республика күнін атап өткен.
Ынтымақ Толқын