Ауылды көркейту – басты мақсат

Jas Otan Жастар қанатының Бесқарағай аудандық бөлімшесінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» жобасы аясында экологиялық «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз!» тақырыбы аясында акция ұйымдастырылды.
– Акция мақсаты – ауылды жерлерді, аудан орталығын көгалдандыру, абаттандыру және жас буынды, өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиеге баулу болып табылады. Дәл осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз, – деді белсенді Әсем Шалкарова. – Жалпы бұл акцияны ұйымдастыру арқылы біз өзіміздің тұрып жатқан мекенімізді, қоршаған ортамызды жаңа шырайға бөлеп, көріктенуіне үлесімізді қосамыз. Жеріміздің, суымыздың, тауымыздың, жарқырап жайнауы бүгінгі жастардың басты миссиясы деп есептейміз. Алдағы күндері біз бұл экологиялық акцияны 30 игі іс аясында жалғастыра береміз.
Дәурен Аллабергенұлы