Ауыл шаруашылығы

19 түрлі сүт өнімін өндіреді

19 түрлі сүт өнімін өндіредіҰлан ауданы, Пролетарка ауылындағы Наталья Воропай басқаратын «Пролетарка» қожалығының сүт зауытында күніне 10 тонна сүт қабылданып, қайта өңдеуден өткізіледі.

Жыл басынан бері зауыт ұжымы 160 миллион теңгенің өнімін шығарған. Жазда тәулігіне 30 тоннаға дейін сүт өнімдерін қабылдайды. Қазір осы шаруа қожалығында жүзге тарта адам еңбек етіп жатыр. Қазіргі заман талабына сай технологиямен жабдықталған зауытта айран, кілегей, май, сүзбе, ірімшік, қаймақ барлығы 19 түрлі өнім өндіріледі.

Дайын өнімдер Өскемендегі және аудандағы сауда дүкендерінде сатылады. Бүгінде бұл зауыттың «Багратион» тауар белгісіндегі сүт өнімдері әсіресе, облыс орталығының тұрғындарына кеңінен танымал. Зауыттың өнімдері республикалық, өңірлік, облыстық байқауларда ең үздік деп танылған.

Бүгіндері төрт шаруа қожалығы бірігіп, Өскемендегі жібек маталар комбинаты шағын ауданында сауда орталығының құрылысын қолға алды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button