«AMANAT»

1500-ден астам оқушыға сөмкелер табысталды

Ержан Әбіш

15 тамызда басталған Amanat партиясы «Бақытты отбасы» жобасының «Мектепке жол» акциясы аясында бүгінге дейін облыстағы аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 1500-дей жеткіншекке оқу құралдары салынған сөмкелер табысталды.

– Бұл – біздің дәстүрлі іс-шарамыз. Балаларды әр оқу жылы қарсаңында қуантып, қолдау білдіреміз, – дейді Amanat партиясы фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Дмитрий Сомов.

Шара мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау. Он жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқан шараға депутатар, партия мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және жомарт кәсіпкерлер атсалысуда.

– Балаларды оқу жылына дайындау оңай емес. Бір баланың киім-кешегін, оқу жабыдығын сатып алудың өзіне қомақты қаражат қажет. Осы ретте «Мектепке жол» акциясының біз үшін пайдасы зор. Шараны ұйымдастырушыларға ризалығымды білдіремін! – дейді өскемендік көпбалалы ана Гүлжан Нүкежанова.

Осы айдарда

Back to top button