Брифинг

144 пәтер халық игілігіне берілді – Өскемен

Облыс орталығында жыл басынан бері 110,4 мың шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне берілді.
Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 114,6 пайызға жоғары.

Былтыр бұл кезеңде облыс орталығында 96,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, деп хабарлайды  Didar ақпарат.

«Биыл алғашқы жартыжылдықта берілген тұрғын үйдің жалпы аумағы 110,4 мың шаршы метр: көппәтерлі тұрғын үй – 89,7 мың, жеке тұрғы үй қоры – 20,7 мың шаршы метр. Бұл дегеніміз, 760 пәтерлі 11 көпқабатты тұрғын үй және 200-ге жуық жер үй. Жалпы жыл соңына дейін 177,4 мың шаршы тұрғын үй пайдалануға беріледі», – деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында болған баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, қала басшысының айтуынша, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға Нұрлы жол шағын ауданындағы қос көпқабатты үйден 144 пәтердің кілті табысталды.

«Баспаналы болғандардың ішінде әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылар да, көпбалалы аналар да, жетім балалар да бар», – деп нақтылады облыс орталығының әкімі.

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button