Ауыл шаруашылығы
10,3 миллион теңге субсидия алғалы отыр
Кейінгі жеті жылда Құмкөл ауылдық округіндегі ірі қара 2252 басқа артып, оның жалпы саны 6292-ге жеткен. Округ жұртшылығы зеңгі баба санын одан әрі ұлғайтуға ден қойып отыр.
Биыл округке қарасты «Тимур», «Мирас-1», «Мирас-2», «Ақерке-1», «Ақерке-2», «Науан» шаруа қожалықтарының жетекшілері жергілікті жердегі және Көкпекті ауданының шаруашылық құрылымдарынан қазақтың ақ бас, қызыл қасқа 21 асыл тұқымды бұқасын сатып алған-ды.
Ірі қараны асылдандыру жұмыстарын қолға алған шаруашылықтар бұдан былай асылдандырылғалы отырған 630 сиырға құжат жасап, құзырлы орындарға өткізіпті. Енді осы құжаттардың негіздемесімен мемлекеттен 10,3 миллион теңге субсидия алғалы отыр.
Шығыс-Ақпарат