Мәдениет

Әзілхан Нұршайықов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Әзілхан Нұршайықов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Көрнекті қаламгер, Қазақстанның Халық жазушысы, жерлесіміз Әзілхан Нұршайықовтың Алматыдағы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
Көрнекті жазушы ширек ғасырдан астам ғұмырын өткізіп, жиырмаға жуық кітап жазған Құрманғазы көшесіндегі №90 үйдің жанына бұл күні қаламгердің замандастары, туған-туыстары мен қарапайым халық көптеп жиналды. Қаламгердің 54 жыл отасқан адал жары Халима апамызға арнаған «Мәңгілік махаббат жыры» да осы үйде дүниеге келген екен. Бұл шараға жазушының ұлдары Арнұр мен Жаннұр, қыздары Жанар мен Жанат, немересі Дина да қатысып, естеліктерін айтты.
Салтанатты шараға Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалинмен бірге шығысқазақстандық делегация атынан «Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің директоры Нұржан Қуантайұлы да қатысып, сөз сөйледі.

Әзілхан Нұршайықов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Айта кетейік, Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасынан «Өнегелі өмір» сериясымен «Әзілхан Нұршайықов» атты жинақ жарық көрген болатын.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button