Мәдениет

Әзілхан Нұршайықов атындағы \”Жас қалам\” шығармашылық байқауына қатысыңыздар

Әзілхан Нұршайықов атындағы "Жас қалам"  шығармашылық байқауына қатысыңыздар
Әзілхан Нұршайықов атындағы \”Жас қалам\”
шығармашылық байқауы

Бұл байқауға жас журналистер, студенттер, жоғарғы сынып оқушылары, мұғалімдер, тарихшылар мен жергілікті өлкетанушылар қатыса алады. Қойылар шарт – байқауға қатысушылардың жас мөлшері 18-ден 35 жасқа дейін және үміткерлер ауылды жерде тұруы керек.

БАЙҚАУ ҮШ НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕДІ:

– «Еңбек адамы»
– «Менің туған өлкем»
– «Еркін тақырып»

Жанрды автор өзі таңдай алады. Байқауға қатысушылар аталған номинациялар аясында үш тақырыпта мақала жазып, жұмыстарын 31 мамырға дейін жолдауға тиіс.
Әрбір материалдың көлемі 3-5 машинкалық беттен аспауы тиіс. Мәтіннің электронды нұсқасы word форматында (3000-5000 белгінің аралығында) болуы шарт. Егер сіз сандық фотоаппаратпен жұмыс істей білсеңіз, материалыңыздың мазмұнын фотосуреттермен ашуға да мүмкіндік беріледі. Жіберілетін сурет jpg форматында болуы тиіс (300dji-ден кем емес), ал сандық фотосуреттер қазылар алқасына түпнұсқа күйінде, ешқандай өңдеусіз ұсынылуы керек.

БАЙҚАУ ҮШ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ
Бірінші кезең – 2014 жылдың 1 сәуірі мен 31 мамыр аралығы. Бұл кезеңде қатысушылар байқауға өз материалдары мен өтінімдерін ұсынады.
Екінші кезең – 2014 жылдың маусым айының 1-і мен 9-ы аралығы. Бұл кезеңде қабылданған материалдар қазылар алқасының сүзгісінен өтіп, іріктеледі, қазылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылады. Сонымен қатар, осы күндері қатысушылардың материалдары «Altaynews.kz» ақпараттық порталында ашық дауысқа салынады.
Үшінші кезең – үздік деп танылған қатысушылар облыстық «Дидар» газетінде шеберлік сабағынан өтіп, ұсынылған тақырыптарға мақала жазады.
Байқау қорытындысында үш аталым бойынша дара шыққандарға ақшалай сыйлықтар табысталады:
– бірінші орынға – 30 мың теңгелік сертификат;
– екінші орынға – 20 мың теңгелік сертификат;
– үшінші орынға – 10 мың теңгелік сертификат.

АРНАЙЫ БАС ЖҮЛДЕ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ, оның иегері «Дидар» газетінің меншікті тілшісі ретінде жұмысқа шақырылады. Ендеше, сәттілік тілейміз!

Сіздердің жұмыстарыңызды асыға күтеміз. Пошталық мекенжай: 070003, Өскемен қаласы, Космическая көшесі, 6\\3, «Шығыс-Ақпарат» ЖШС. Материалдар «байқауға» деген белгімен жолдануы тиіс.
Электронды мекенжай: didar@media-vko.kz
Байланыс телефондары: 87232 759619

Осы айдарда

Back to top button