Мәдениет

Зияткерлік оқушылар кітапхана қорын толықтырды

Зияткерлік оқушылар кітапхана қорын толықтырды


Глубокое ауданындағы Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің ұжымы Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларынан Тұңғыш Президент күніне орай тамаша сыйлық алды. Зияткер балалар құрбыларына кітаптар жинап әкелді.

Глубокоелік мектептің кітапханасы 2015 жылы ашылған болатын. Оның қоры бар болғаны 150 кітаптан тұрады. Сол себепті өскемендік оқушылардың тосын сыйлығына оқушылар мен ұстаздары, мектеп басшылығы қатты риза болды. Оқушылар мен мұғалімдер отандық және шетелдік көркем әдебиетпен қоса, соңғы жылдары шыққан танымдық және қиял-ғажайып тақырыптағы кітаптарды сыйға тартты.

Қонақтар өздерімен кітап қана әкелмей, концерттік бағдарлама да әзірлеген болатын. Зияткерліктердің өнерін тамашалаған соң, глубокоелік оқушылар да өздерінің мерекелік нөмірлерін ұсынды.

–Біздің мектепте 601 оқушы білім алады. Енді олардың өздерінің қалаған әдебиеттерін оқуға мүмкіндіктері артты. Кітап оқу адамның ой-санасын толықтырып, таным көкжиегін кеңейтеді, рухани байытады. Аға буын өкілдері мұны жақсы біледі. Жас толқынға осындай тамаша мүмкіндік сыйлағандары үшін зияткерліктерге алғысымыз шексіз, – дейді мектеп директоры Сәуле Досқалиева.

«Bookcrossing» акциясының ұйымдастырушылары жаңа достарымен жақынырақ танысу мақсатында оларды 10-желтоқсанда Назарбаев зияткерлік мектебінде өтетін ашық есік күніне шақырды.

Кәмәл Естай

Осы айдарда

Back to top button