Невада-Семей

Зиянды қалдықтарды залалсыздандырудың әдісі табылды

Зиянды қалдықтарды залалсыздандырудың әдісі табылды

Жақында Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков бастаған ғалымдар арнайы кездесу өткізіп, көпшілікті толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.
«Невада-Семей» халық-аралық антиядролық қозғалысының вице-президенті С.Картоев ең алдымен басқосудың мән-мақсатын түсіндірді. ҰЯО бас директоры Э.Батырбеков орталықтың бүгінгі таңдағы қызметі жөнінде кеңінен баяндап өтті. Сонымен қатар, ол осы салаға мамандар даярлау, бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағында зерттеу жұмыстарын жүргізу сынды мәселелер төңірегіндегі тың жаңалықтармен де бөлісіп, көпшілікті толғандырған радиоактивті қалдықтардың жеткізілуі және көмілуі мәселесін де тереңінен түсіндірді.
– Бүгінде «ядролық қалдық-тар шетелдерден Қазақстанға әкеліне ме?» деген сұрақтың қойылатыны жасырын емес, – дейді Эрлан Ғаділетұлы. – Нақты айта кетейін, біз шетелдердің ядролық қалдықтарын әкелмейміз. Дегенмен, Қазақстандағы түрлі кен жұмыстары кезінде пайда болған зиянды қалдықтарды залалсыздандыруымыз керек. Бұл салада Ұлттық ядролық орталық ғалымдары озық жа-ңалық енгізіп отыр. Біз ядролық қалдықтарды қауіпсіз түрде тасымалдауды ойлап таптық. Нәтижелері жаман емес. Мәселен, Ақтаудан радиоактивті жүктің Дегелеңге дейін жеткізілуін ҰЯО-дағы менің орынбасарым Сергей Березин қадағалады. Радиоактивті қалдықты қаптап жеткізу бір жылдай уақытты алды. Біз арнайы контейнер ойлап таптық. Бұл контейнер төтенше жағдайда да қауіпсіз түрде сақталынатын болмақ. Дегелең станциясына дейін жеткізіліп, онда автокөліктерге тиелген соң қалдықтар станциямен аттас Дегелең алаңына апарылып көмілді. Бұл жерде де Ішкі істер министрлігі бақылауға алып, күзет қамтамасыз етілген. Біздің ҰЯО Үкіметке радиоактивті қал-дықтармен жұмыс істейтін арнайы орталық құрсаңыздар деген өтініш жасап отыр. Егер Үкімет ұсынысымызды мақұлдаса, қазақ жеріндегі мұнай немесе басқа да кен көздерін пайдалануда шыққан радиоактивті қалдықтар қауіпсіз түрде көмілетін болмақ, – деді ол.
– Әлем бойынша жылдан-жылға уран өндіру көлемі артып келеді. Бізде шикізат та, осы мәселемен айналысатын білікті ғалымдар да жеткілікті. Біз әлемде уран өндіруден бірінші, ал осы бағалы элемент қоры бойынша екінші орындамыз. Осыған орай, ядролық энергетиканы дамыту бағытында ядролық сұйық отын банкін құру – заман
талабы. Бұл мәселені меңгерген Ұлттық ядролық орталық сияқты ғылыми ұйымымыз жақсы жұмыс істеп тұр. Ядролық сұйық отын банкіне байыппен қарауымыз керек. Бұл ешкімді алаңдатпауы тиіс, – деді радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры Сергей Лукашенко.

Раушан Нұғманбекова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button