Невада-Семей

Бейбіт атомның берері мол

Бейбіт атомның берері мол

АЭС салынатын орын Курчатов қаласы болып таңдалынып алынғаны белгілі. Сонымен, Ресей мен Қазақстан ғалымдары Жапон елімен бірге АЭС-ті салуға 2018 жылы кіріспек.

– Бізге Қазақстандағы Жапо-нияның төтенше және өкілетті елшісі Масаеси Камохара, Токио технологиялық институтының құрметті профессоры, атом энергетикасы бойынша Жапония комиссиясының төрағасы Йоши Фуджиё және осы елдегі ең ірі энергетикалық компанияның атқарушы директоры Тетсуро Ивамилер келіп, өздерінің озық технологияларымен, атомды бейбіт салаға пайдаланудағы тәжіри-белерімен бөлісті. Сондықтан да біз Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде ауқымды міндетті жауапкершілікке алып отырмыз, – дейді Курчатовтағы ҰЯО директоры Ерлан Батырбеков. – Біздің ел осы бағытта Жапониямен қатарынан 20 жыл бойы әріптестік байланыс жасап келеді. Қазақстан мен Жапония тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуіне тағы бір себеп, екі елдің де атом жарылыстарын бастан кешуі, осыған орай бейбіт атомды дамыту мәселесі аса маңызды. АЭС-тің тиімділігі зор. Әрі салынған АЭС 80-100 жыл сапалы қызмет ете алады.

Ұлттық ядролық орталық биыл өзінің 25 жылдығын атап өткелі отырған халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысымен ынтымақтаса еңбек етуде. Осыған орай аталмыш қозғалыстың вице-президенті С.Картоев Йоши Фуджие мырзаға «Невада-Семей» ХАҚ-ына 20 жыл» төсбелгісін құрметпен табыстады.

– 20 жыл бұрын біздің ҰЯО ғалымдары алғаш рет Жапон елінің ядролық орталығында болды, – дейді директор Ерлан Батырбеков. – Жапон реакторындағы апаттың зерттеу жұмыстарына қатысуға қазақстандық ғалымдар да мүмкіндік алды. Екі жақ бірлесіп, Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту туралы келісімге келдік. Радиациялық әсерлердің жапондық ассоциациясымен (JREA) бірлесіп, Семей сынақ полигонында жасалған жарылыстардың апатты деңгейін және сол жердің тұрғындарының денсаулығын тексердік. Сутегі энергетикалық реактордың белсенді аумағын (NUPEC) анықтадық. Жылдам нейтрондағы натрий жылу ұстағышы (JAEA) мәселесіне орай көптен тәжірибелер жүргіздік.

Бұл күндері қазақстандықтардың жапондық әріптестерімен байланысы нығая түсуде. ҰЯО ғалымдары көмір кеніштерінің беткі қабаты ыстыққа төзімді болу үшін зиянды материал – кориум әсерінен қалай қорғау керектігін тереңірек зерттеу-ге алған. Алғашқы нәтижелері де жоқ емес. Ал жақын арада Фу-кусима-1 АЭС-індегі апатты реак-торлардың қатып қалған бөліктерін ерітіп алу жобасына кіріспек.

– Фукусимадағы апат бүгінде толығымен анықталып отыр, – дейді Қазақстандағы Жапонияның төтенше және өкілетті елшісі Масаеси Камохара. – Бұл тұрғыда жапондық ғалымдар мен атом энергетиктері бірлесіп еңбек сіңірді. Енді әлемде тұрғызылатын жаңа станциялар сол кезде кеткен қателіктерді толығымен есепке алып, оларды болдырмауға тырысады. Өздерінің тәжірибелерін біздің ел сіздің елмен бөлісуге толық дайын. Сондықтан да біз Курчатовта тұрғызылатын АЭС қауіпсіз болады деп айта аламыз.

20 жылда ҰЯО атом саласы бо-йынша жапондық ең ірі JAEA, JAPC, TOSHIBA және Marubeni US Ltd компаниялармен әріптестік қарым-қатынас жасап келеді. Жасалған келісімшарттар бойынша АЭС құрылысының біртіндеп жүзеге асу мәселесі қарастырылған. Ядролық сұйық отынды сапалы жасау, өткенде кеткен қателіктерді болдырмай, атом энергетикасы саласын бейбіт өмір бағытында дамытуға ықпал ету алғашқы атқарылар жұмыстардың қатарына жатады.

Раушан Нұғманбекова

Осы айдарда

Back to top button