Мәдениет
Шығысқазақстандық жыр мүшәйрасында топ жарды
Астанада өткен «Мәңгілік ел – ұрпақ мұраты» атты ақындардың республикалық жабық жыр мүшәйрасында Абай ауданы, Медеу ауылының тумасы Арман Шеризатов бас жүлдені жеңіп алды.
Астана күні қарсаңында ұйымдастырылған байқауда бірнеше ақындардың арасынан топ жарған А.Шеризатов «Нива» автокөлігінің кілтіне ие болды. Оған бас жүлде Астана күні қарсаңында, 1-шілдеде тапсырылады. Байқаудың жеңімпазы – Төлеген Жанғалиев жетекшілік ететін Қарауыл ауылындағы М.Ибраев атындағы «Ақсұңқар» ақындар мектебінің түлегі. Жас ақын Арман Шеризатов осыған дейін де аудандық, облыстық жыр мүшәйраларында жеңімпаз атанған.
Шығыс-Ақпарат