Қоғам
Жылу маусымына дайындық деңгейі 37,1 пайызға жетті
Өңірдегі ЖЭО-ның жылу беру маусымына дайындық деңгейі 37,1 пайыз болды.
Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
-Құрылыс, энергетика және ТКШ басқармасының ақпараты бойынша, 170 шақырым электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, бұл белгіленген жоспардың 30,6 пайызын құрайды, -деп жазылған әкімдіктің телеграмдағы ресми парақшасында.
Өңір басшылығы көмір мәселесі туралы да жазды. Бүгінде халыққа қажетті 447,5 тоннаның 111 мың тоннасы жеткізілген көрінеді.
-Бюджеттік ұйымдар бойынша жағдай жақсырақ, денсаулық сақтау объектілеріне қатты отынның қажетті көлемінің 98,1 пайызы жеткізілді, -деп мәлімдеді әкімдік.
Оразай Жеңісұлы