Оқиғалар

Жылдамдықты арттыру қауіп тудырады

Жылдамдықты арттыру қауіп тудырадыОблыстық жол полициясы басқармасының қызметкерлері 2012 жылы орын алған жол-көлік оқиғаларына арнайы сараптама жүргізді.

Нәтижесінде аптаның сенбісі ең апатты күн екендігі анықталып отыр. Жыл бойы тіркелген жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі аптаның дәл осы күнінде сағат кешкі 16.00-мен түнгі 23.00 аралығында орын алған. Жыл көлемінде тіркелген аймағымыздағы апатты жағдайлардың 50 пайызы дәл осы уақытта тіркеліпті.

2012 жылы облыс бойынша болған 1119 жол апаты салдарынан 202 адам қаза тауып, 1380 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. 2011 жылмен салыстырғанда өткен жылы жол апаты оқиғалары облысымызда 27 пайызға өскен, қаза болғандар 5 пайызға, жарақат алғандар саны 29 пайызға дейін көбейіп отыр. Жол-көлік оқиғаларына себеп болып отырған негізгі фактор жылдамдықты шамадан тыс асыру – 32 пайыз, сонымен қатар жол қиылыстарындағы абайсыздық – 9 пайыз, қарсы бағытқа шығып кету – 8,5 пайыз. Бұдан басқа апаттық себептердің 10 пайызы жаяу жүргіншілердің кесірінен туындаған.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button