Жаңалықтар

Жылдамдық үшін 700 мың теңге айыппұл алған – ШҚО

Өскеменде жылдамдықты асырғаны үшін 700 мың теңге айыппұл арқалаған жүргізуші анықталды.

Lada Priora көлігін тізгіндеген жүргізуші жол ережелерін өрескел бұзған, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Аталмыш жүргізуші облыс орталығында жүргізілген «Борышкар» жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталды.

-Рейд барысында Сергек-қорғау АБК көмегімен полиция қызметкерлері Lada Priora автокөлігін тоқтатқан, оның иесі жол-қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Көлік иесінің атында қозғалыстың белгіленген жылдамдығын бұзғаны үшін жалпы сомасы 700 мың теңге төленбеген 12 айыппұл бар. Құқық бұзушының көлік құралы берешегі толық өтелгенге дейін мамандандырылған тұраққа қойылды, -деді ШҚО әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Әнуарбеков.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button